EFFECTIVENESS OF IMPROVING INFORMATION TRAINING IN THE SCHOOL MATHEMATICS CURRICULUM FOR FUTURE TEACHERS
L.S. Kainbayeva
Source record
Source: Crossref
Published: Jan 1, 2023
DOI: 10.52081/mpimet.2023.v04.i4.024
Open original source ↗Source abstract
Қазіргі таңда білім беру саласында ақпараттық оқыту технологияларына көп көңіл бөлінеді. Болашақ мектеп мұғалімдері оқытудың класссикалық формасын ғана емес, сонымен қоса жаңа замануи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып пәнді оқытудың жаңа әдістерін меңгеруі тиіс. Ал, бұл мақалада оқытуда қолданылатын жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологияларды математика пәнінде қолданудың негізгі ерекшеліктеріне тоқталады, себебі оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. Қазіргі білім беру парадигмасы оқушылардың сан алуан қажеттіліктерін, оның ішінде танымдық, шығармашылық және рухани аспектілерін қанағаттандыруға бағытталған. Мақсаты – оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде қарастырылатын жан-жақты дамыған және логикалық тұрғыдан жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл тәсіл оқушылардың шығармашылық қызығушылықтарын ескере отырып, білімге деген құндылық бағдарын дамытуға бағытталған. Жаңа білім беру парадигмасының негізгі аспектілерінің бірі – математика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту. Бұған заманауи талаптарды, электронды оқулықтар мен интернет ресурстарын пайдалану да кіреді. Бұл құралдар оқу-тәрбие үрдісін байытып қана қоймай, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Білім беру жүйесінің қазіргі міндеттері аясында оқушылардың ақпараттық құзыреттілігі мен мәдениетін қалыптастыру мұғалімнің үздіксіз білім беру саласындағы маңызды мәселесіне айналып отыр. Бұл болашақ мұғалімдерге де, қазіргі мұғалімдерге де қатысты. Білім ақпаратының стратегиялық құрылымын түсіну жаңа мұғалімдерді сәтті дайындау мен оқытудың кілті болып табылады. Бұл мақалада тек ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ғана емес, сонымен қатар тиімді білім беру үшін қажетті жалпы ақпараттық оқытудың маңыздылығы қарастырылған. Электронды оқулықтың білім сапасын арттырудағы рөлі және зерттеу барысында әзірленіп шыққан электронды оқулыққа қысқаша сипаттама берілді.
Evidence graph
No public relationships recorded yet.
Integrity note: This page is a factual metadata record created by deterministic ingestion. It is not a claim that the work moves a mathematical frontier or has been independently verified.