Indexed metadata

PZT-5H ПЬЕЗОКЕРАМИКАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТІҢ СИПАТТАМАЛАРЫН ҚОЛДАНБАЛЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ КӨМЕГІМЕН ЗЕРТТЕУ

А. Б. Искакова, А. Ж. Жумабеков, Ж. А. Аубакирова, Б. Ш. Исимова, Ш. С. Зейтова

Source record

Source: Crossref

Published: Sep 30, 2026

DOI: 10.48081/btouphmath3.2026/117-127

Open original source ↗

Source abstract

Мақалада PZT-5H (Сhannel 5700 Navy Type VI) пьезокерамикалық материал негізіндегі пьезоэлектрлік элементтің жиіліктік сипаттамаларының моделі келтіріледі. Жоғары пьезоэлектрлік коэффициент пен электромеханикалық сипаттамаларының тұрақты болуына байланысты қарастырылып отырған пьезоэлемент пьезоэлектрлік актюаторларды, датчиктерді, ультрадыбыстық түрлендіргіштер мен басқа да құрылғыларды жасауда кеңінен қолданылады. Зерттеу жұмысының мақсаты PZT-5H пьезокерамикалық элементінің жиіліктік сипаттамаларын бағдарламалық ортада модельдеу және оның жиіліктік сипаттамаларын талдау болып табылады. Модельдеу PZT-5H (Сhannel 5700 Navy Type VI) пьезокерамикалық материалдың анықтамалық параметрлері негізінде Electronic Workbench бағдарламалық ортасында орындалды. Зерттеу барысында пьезоэлементтің амплитуда-жиіліктік және фаза-жиіліктік сипаттамалары алынды. Эквиваленттік жүйе параметрлерінің өзгерісі жиіліктік сипаттамалардың формасына және резонанстық максимумдардың орнына әсері талданды. Зерттеу барысында алынған нәтижелер PZT-5H негізіндегі пьезоэлектрік элементтің жиіліктік сипаттамаларын зерттеуге мүмкіндік береді және түрлі типтегі пьезокерамикалық материалдарға салыстырмалы түрдегі талдау жүргізуге негіз бола алады. PZT-5H (Сhannel 5700 Navy Type VI) пьезокерамикалық материалдың параметрлері негізінде Electronic Workbench бағдарламалық ортасында алынған модель түрлі қолданыстағы пьезоэлементтердің диэлектрлік, пьезоэлектрлік және сипаттамаларын зерттеуге, сонымен қатар схемотехникалық талдау мен модельдеу әдістерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: пьезоэлемент, амплитуда-жиіліктік сипаттама, фаза-жиіліктік сипаттама, пьезоэлектрлік коэффициент, электромеханикалық байланыс коэффициенті.

Evidence graph

No public relationships recorded yet.

Integrity note: This page is a factual metadata record created by deterministic ingestion. It is not a claim that the work moves a mathematical frontier or has been independently verified.