ПОЛИКРИСТАЛЛ 1Һ МҰЗ МОДИФИКАЦИЯСЫНЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ СЫҒЫЛУ МОДУЛІНІҢ ҚЫСЫМҒА ТӘУЕЛДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ
Т. Бижигитов, Г. Х. Оразымбетова
Source record
Source: Crossref
Published: Sep 30, 2026
DOI: 10.48081/btouphmath3.2026/68-86
Open original source ↗Source abstract
Бұл мақалада алғаш рет атмосфералық қысымда, 273К температурадан төменгі температураларда пайда болатын поликристалл мұздың 1Һ түрінің 230К, 190К, 170К температураларда (15-195)*105Н/м2 қысым аралығында тығыздығының, онда тарайтын қума, көлденең толқындардың жылдамдықтары мен орташа квадраттық жылдамдықтары және жан-жақты сығылу модулі, Грюнайзен парамтрінің қысымға тәуелділігі тәжірибелік өлшеулер мен теориялық есептеулер арқылы зерттелді. Тәжірибелік зерттеулер жүргізу үшін жоғары (0-25)*108 Н/м2 қысым және төменгі (90-250)К температура арлығында үлгінің көлемінің өзгерісі мен онда тарайтын серпімді толқындардың жылдамдықтарын өлшейтін қондырғы жинастырылды. Зерттелетін үлгі орналасқан поршен-цилиндр типті үш қабатты камераның бөлшектері термоөңделген инструментальді болаттардан құрастырылды. Ішкі қабаты Х12М (HRC=58÷60), екінші қабаты P18 (HRC=60÷62), сыртқы қабаты X12M(HRC=48÷50) болаттардан тұрады. Камераның беріктілігін арттыру мақсатында қабаттар бір-біріне қыздырылып күшпен кигізілді. Жоғарғы қозғалатын және төменгі тыныштықтағы поршендер термоөңделген Р18(HRC=60÷62) болаттан жасалды. Поршен мен цилиндрдің қабырғасының арасындағы саңылау диаметрі бойынша 0,05мм құрайды. Жоғары қысымды камерадағы поршендерді нығыздау мақсатында қорғасын және мыс сақиналар мен термоөңделген Р18(HRC=58÷60) болаттан жасалған қорғаныс сақинасын қолдандық. Жоғары қысымда жұмыс істейтін камераны азот буымен салқындату мақсатында бір-біріне қыздырылып кигізілген ішкі цилиндрінде бұрандамен ойылған арнасы бар екі дюралюминиден жасалған цилиндрді пайдаландық. Камера және азоттың буы өтетін құбыр жылуоқшаулағыш шыны текстолит және пенопласт материалдарымен қапталды. Камераның сыртқы қабатқа берілетін азоттың буын алу. 40 литрлік дьюардың ішінде орналасқан сұйық азотты қыздыру арқылы іске асырылды. 1Һ поликристалл мұз күйіндегі серпімді қума және көлденең толқындардың жылдамдықтарын арнайы жинастырған ультрадыбысты импульсті қондырғының көмегімен өлшенді. Әртүрлі температураларда 1Һ мұз күйінің тығыздығының онда тарайтын қума, көлденең толқын жылдамдықтарының, орташа квадраттық жылдамдығының және жан-жақты сақталу модулі мен Грюнайзен параметрінің қысым артқанда сызықты тәуелділіктен ұлғаятынын анықтадық. Кілтті сөздер: температура, қысым, сығылу модулі, Грюнайзен параметрі.
Evidence graph
No public relationships recorded yet.
Integrity note: This page is a factual metadata record created by deterministic ingestion. It is not a claim that the work moves a mathematical frontier or has been independently verified.