ЖОҒАРЫ ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ КҮЙДІРУДІҢ МЫРЫШ СЕЛЕНИТІ НАНОКРИСТАЛДАРЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІНЕ ӘСЕРІ
А. Д. Акылбекова, К. А. Бакбергенова, А. Т. Тулегенова, А. А. Кисабекова, Г. Ғ. Сарсехан
Source record
Source: Crossref
Published: Sep 30, 2026
DOI: 10.48081/btouphmath3.2026/45-67
Open original source ↗Source abstract
Бұл жұмыста SiO₂/Si тректік темплейттерінде химиялық тұндыру әдісімен синтезделген мырыш селениті (ZnSeO₃) нанокристалдарының құрылымдық, оптикалық және электрфизикалық қасиеттеріне жоғары температуралық күйдірудің әсері зерттелді. Мырыш селениті нанокристалдары мырыш хлориді және селен диоксиді прекурсорлары негізінде бөлме 18 °C температурасында химиялық тұндыру арқылы алынды. Алынған үлгілер вакуум жағдайында 800 және 1000 °C температураларда термиялық өңдеуден өткізілді. Үлгілердің морфологиясы сканерлеуші электрондық микроскопия әдісімен, кристалдық құрылымы рентгендік дифракциялық талдау арқылы, оптикалық қасиеттері фотолюминесценция спектроскопиясымен, ал электрфизикалық сипаттамалары ток-кернеу тәуелділіктерін өлшеу арқылы зерттелді. Рентгенқұрылымдық талдау нәтижелері бастапқы үлгілерде орторомбтық құрылымды мырыш селениті фазасының түзілгенін көрсетті. Жоғары температуралық күйдіру барысында мырыш селениті нанокристалдарының ішінара ыдырауы байқалып, 800 °C температурада тетрагональды құрылымды мырыш селениді фазасы, ал 1000 °C температурада гексагональды құрылымды мырыш оксиді фазасы қалыптасатыны анықталды. Фотолюминесценция спектрлерінде 400–600 нм аралығындағы кең сәулелену жолағы байқалып, оның ақаулық күйлермен байланысты екендігі көрсетілді. Күйдіру температурасының артуы көк және күлгін сәулеленудің қарқындылығын арттырып, спектрлік құрамның өзгеруіне алып келетіні анықталды. Электрлік өлшеулер нәтижесінде зерттелген құрылымдардың электрондық өткізгіштік типіне жататыны және олардың ток-кернеу сипаттамаларының айқын сызықтық емес тәуелділік көрсететіні анықталды. Ең жоғары меншікті электрөткізгіштік 800 °C температурада күйдірілген үлгі үшін байқалды. Алынған нәтижелер жоғары температуралық өңдеудің мырыш селениті нанокристалдарының фазалық құрамына, фотолюминесценциялық қасиеттеріне және электрөткізгіштік параметрлеріне елеулі әсер ететінін көрсетті. Бұл материалдардың оптоэлектроника және наноэлектроника құрылғыларында қолданылу перспективаларын кеңейтеді. Кілтті сөздер: мырыш селениті, нанокристалдар, химиялық тұндыру, термиялық өңдеу, фотолюминесценция, электрөткізгіштік, рентгендік дифракция.
Evidence graph
No public relationships recorded yet.
Integrity note: This page is a factual metadata record created by deterministic ingestion. It is not a claim that the work moves a mathematical frontier or has been independently verified.